384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тереза Мэй Еуроодақ басшыларын айыптады

  • 312
  • UPD: 20:43, 04.05.2017

Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэй Еуропалық одақ саясаткерлерін Корольдіктегі сайлау нәтижесін өзгертуге ықпал етіп жүр деп айыптады.

Ол парламент таратылғанын патшайым Елизавета Екіншіге баяндап шыққаннан кейін Брюсселдегі саясаткерлерді «бюрократтар» деп атады. Айтуынша олардың арасында іштей Брекзиттің құрдымға кеткенін тілейтіндер бар. Ал кейбір еуропалық басылымдар бұл келіссөздердегі Британия ұстанымдарын бұрмалап жариялап жүр. Айта кетейік, бұған дейін басылымдар Тереза Мэй мен Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкердің кездесуін қиын өтті деп жариялаған. Алайда Брюссельдегілер аталған жағдайға байланысты ешқандай түсінік бере алмайтынын жеткізді. 

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Еурокомиссия келіссөздерге қатысты ұстанымдарын қатаңдатып жатыр. Саясаткерлері мен ресми тұлғалары да Корольдікке сес көрсеткендей, қатқыл пікірлер айтты. Осының бәрі 8-ші маусымға жоспарланған сайлаудың нәтижесіне ықпал ету үшін әдейі жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы