389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық Азия сыртқы істер министрлері жапондық әріптесімен кездесті

  • 442
  • UPD: 21:07, 04.05.2017

Орталық Азия және Жапония сыртқы саяси ведомстволарының басшылары көлік және логистика саласындағы өңірлік ынтымақтастың Жол картасын қабылдады.

Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы аптада Түрікменстан астанасында өткен сыртқы істер министрлерінің алтыншы кеңесі осылай қорытындыланды. Отырыста сауда, инвестиция, қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларында өңірлік өзара іс-қимылды ілгерілету мәселелері қаралды. Жиын барысында қатысушылар іскерлік ортаны жақсарту мен инфрақұрылымды нығайту бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, Ашхабадта Қайрат Әбдірахманов Жапония сыртқы істер министрі Фумио Кисидомен  кездесті. Жапон министрі Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде жаңа технологиялық зерттеулерін ұсынатындығын айтты. Сондай-ақ жапондық тарап қазақстандық азаматтар үшін келу визасын рәсімдеу мен мерзімін ұзарту тәртібінің жеңілдегенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы