389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британдық полиция теракті ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ер адамды тұтқындады

  • 485
  • UPD: 08:07, 05.05.2017
Британдық полиция теракті ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ер адамды тұтқындады 112.ua

Лондонның Хитроу әуежайында террорлық акті жасауға үгіттеп, жанкешті болуға дайындайтын күдікті ұсталды. Бұл туралы Скотленд-Ярданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Контртеррорлық полиция басқармасының қызметкерлері 4 мамыр кешке лондондық Хитроу әуежайында Ыстамбұл бағытынан ұшып келген 30 жастағы ер адамды тұтқындады», - делінген мәлімдемеде.

Алдын ала мәлімет бойынша күдіктіге теракт жасаушыларды дайындады деген айып тағылды.

Қазіргі уақытта оның Лондондағы мекен жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін британдық полиция теракті ұйымдастырмақ болды деген күдікпен 3 әйелді тұтқындаған еді.

Ақпарат көзі: RT

Хабар 24 телеарнасы