385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта Мосулдың батыс аудандары үшін шайқас жүріп жатыр

  • 413
  • UPD: 10:17, 05.05.2017

Ел әскері халықаралық коалиция қолдауымен содырларды Мосул шаһарының солтүстік-шығысынан шабуылдай бастаған.

Жауынгерлер экстремистердің кері шегінуіне мәжбүр болғанын хабарлап отыр. Айта кеткен жөн, Мосул Ирак пен Левант лаңкестік тобының бейресми астанасы саналады. Оны азат ету операциясының жүріп жатқанына жарты жылдан асып кетті. Осы күнге дейін шаһардың шығысы толығымен жаудан тазартылған. Қазір батыс аудандары үшін шайқас жүріп жатыр. Әскери операцияға үкімет жасағы, күрд жауынгерлері мен АҚШ бастаған халықаралық коалиция қатысып келеді.

Кассим әл-Мәлики, Ирак қарулы күштерінің генерал-майоры:

- Мосулдың батыс бөлігінде ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде көптеген қиындықтарға тап болып жатырмыз. Өйткені бұл аудандардың көшелері өте тар. Қарулы қақтығыс барысында үйінде отырған бейбіт тұрғындар жапа шегуі мүмкін. Бізге олардың амандығы керек. Оның үстіне лаңкестер халықты «тірі қалқан» ретінде жиі пайдаланады. Бұл да әскери операцияға тұсау болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы