388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінің Ливияға жақын жағалауынан босқындар құтқарылды

  • 707
  • UPD: 12:29, 05.05.2017

Жерорта теңізінің Ливияға жақын жағалауынан жүздеген мигрант құтқарылды. Оларды Мальтада орналасқан мигранттарды құтқарумен айналысатын үкіметтік емес ұйымның қызметкерлері тапқан.

Айтуларынша өмірін тәуекелге тігіп, үрлемелі қайыққа мінген босқындардың арасында әйел де, бала да бар. Олар Ливия жағалауынан шығып, Кәрі құрлыққа жетуді көздеген. Мәліметтерге қарағанда, босқындар арасынан бір адамның мәйіті табылған. Куәгерлер оны Ливия жағалауында белгісіз біреудің соққыға жығып кеткенін айтып отыр.

Айта кетейік, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы қарулы қақтығыс кесірінен соңғы жылдары Еуропа миграциялық дағдарысқа тап болды. Frontex мәліметтеріне қарағанда 2016 жылы Италияға Жерорта теңізі арқылы 180 мыңнан астам адам келген. Сонымен қатар 5 мың адам жарты жолда суға кеткен.

Хабар 24 телеарнасы