Астана теміржол вокзалына EXPO-2017 көрмесінің ақпараттық стенді орнатылды

Астана теміржол вокзалына EXPO-2017 көрмесінің ақпараттық стенді орнатылды

Астана теміржол вокзалына EXPO-2017 көрмесінің ақпараттық стенді  орнатылды.

Қала қонақтары мен жолаушылар назарына EXPO-2017 көрмесінің жөн-жобасы, мән-маңызы туралы инфографикалық модуль мен сенсорлық үстел ұсынылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар сонда шараға қатысты билет сату терминалы, телефондар мен фотоаппараттарды қуаттандыру көзі де орналастырылған.

«Замануи қондырғының арқасында компьютерден берілетін бейнекөріністер теледидарға желісіз жіберіледі. Смартфондар мен фотоапараттарға арналған USB порттары арқылы жолаушылар құралдарын қуаттандыруына мүмкінік жасалған», - дейді Вокзал шаруашылығын дамыту мен пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.

Мұндай ақпараттық стенд Алматы-1 станциясының вокзалына да орналастырылды.

Жолаушылар ақпараттық стенд қызметімен EXPO-2017 көрмесі аяқталғанша пайдалана алады.