385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактағы Мосул үшін шайқасып жатқан әскерилер жаңа жетістіктерін жария етті

  • 365
  • UPD: 23:15, 06.05.2017

Ирактың Мосул қаласы үшін шайқасып жатқан әскерилер жаңа жетістіктері жайлы жария етті.

Осы күнге дейін шаһардың батысындағы 550 шаршы шақырым аумақ үкімет жасағының бақылауына өткені белгілі болды. Сондай-ақ жауынгерлер Тигр өзеніне қарай жылжып келеді. Оның маңындағы аумақты азат етсе, экстремистердің қару-жарақпен қамтамасыз ету жолдары жабылады. Айта кеткен жөн, Ирак пен Левант лаңкестік тобының бейресми астанасы үшін шайқас жарты жыл бұрын басталған. Биыл қаңтарда елді мекеннің шығысы толығымен жаудан тазартылған. Қазір Мосулдың батысын азат ету операциясы жүріп жатыр.

Яхья Расул, Ирак қарулы күштерінің өкілі:

- Біз Мосулдағы Ирак пен Левант лаңкестік тобының жендеттерін тізе бүктіруге жақын қалдық. Бүгінде екі-үш аудан ғана содырлардың уысында тұр. Алдағы уақытта  шаһарды толығымен азат етеміз деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы