387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде жойқын жарылыстан адамдар қаза тапты

  • 450
  • UPD: 17:04, 09.05.2017

Сомали астанасы Могадишода жойқын жарылыс болып, 8 адам қаза тапты.

Тағы 20-ға жуығы жараланды. Осыған байланысты дәрігерлер құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтты. Ақпаратқа сәйкес, шабуыл шаһар орталығындағы итальян дәмханасының жанында жасалған.  Жергілікті арналардың хабарлауынша жарылғышты жанкешті іске қосқан. Іле-шала бұл қаскөйлік әрекетті осы  аймақта әрекет ететін «Аш-Шабаб» лаңкестік тобы мойнына алды.

Айта кетейік, Сомалиде жиі қастандық ұйымдастыратын «Аш-Шабаб» тобы орталық билікке қарсы шығып, Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына кедергі келтіреді. АҚШ билігі бұл топты 2008 жылдан бері лаңкестік ұйым қатарына қосқан.

Хабар 24 телеарнасы