385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосул халқына гуманитарлық дағдарыс қаупі төнді

  • 564
  • UPD: 18:40, 09.05.2017

Иракта Мосул қаласының содырлардан азат етілген аудандарына 31 мыңдай  тұрғын қайта оралған.

Бұл туралы БҰҰ хабарлайды.

Дегенмен, халықаралық қауымдастық өкілдері шаһардың гуманитарлық дағдарыс алдында тұрғанын айтады. Өйткені мұнда азық-түлік тапшы. Салдарынан ашқұрсақ сәбилер саны артқан. Осы ретте БҰҰ халыққа гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр. Соңғы күндері 9 мың тұрғынға ыстық ас таратылып, тағы 70 мыңы бір айға жетерлік азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» астанасы болып келді. Оны азат ету операциясының жүріп жатқанына жарты жылдан асты. Осы күнге дейін шаһардың шығысы толығымен жаудан босатылған. Әскери операция басталғалы қаланың 430 мыңнан астам тұрғыны үйлерін тастап, басы ауған жаққа босып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы