384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каракастағы наразылық шеруінде жараланғандардың саны артты

  • 399
  • UPD: 17:57, 11.05.2017

Венесуэла астанасы Каракаста өткен наразылық акциясында жараланғандардың саны 93 адамға жетті.

Бұған дейін бір адамның қаза тауып, 84 шерушінің жараланғаны хабарланған. Полиция шерушілердің Жоғарғы сот ғимаратына қарай өтуіне тосқауыл қойып, көз жасаурататын газ қолданған. Ал шерушілер биліктен Жоғарғы соттың мүшелерін қызметінен босатып, елде президенттік сайлау өткізуді талап етіп отыр.

Айта кетейік, наразылық акцияларына өткен айда осы соттың Ұлттық ассамблеяны тарату жөніндегі шешімі түрткі болды. Бірақ артынан парламенттің құзыреті өзіне қайтарылғанмен, шерулер тоқтамады. Оның үстіне Николас Мадуро 2 мамыр күні оппозициялық парламентті жою мақсатында құрылтай жиынын шақыру туралы шешім қабылдап, ол елдегі жағдайды одан ары ушықтыра түседі. Оппозиция мүшелері президент осы қадам арқылы ел конституциясын өзгертуді көзеп отыр дейді.

Хабар 24 телеарнасы