383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада қарттар Мадуроға қарсы шеруге шықты

  • 480
  • UPD: 11:17, 13.05.2017

Венесуэла астанасы Каракаста мыңдаған қария президент Николас Мадуроның билігіне қарсы наразылық білдіріп, шеруге шықты. Оларды таратуға тырысқан полиция көз жасаурататын газ қолданды.

Осыған байланысты қарттар шаһардағы омбудсмен кеңсесінің алдына жиналып, полицияның көрсеткен зорлық-зомбылығына шағым айтты. Ал зейнеткерлердің шеруге шығуына елдегі экономикалық дағдарыс себеп. Өйткені елде дәрі-дәрмек пен басқа да қажетті құрал-жабдықтар тапшы. Айта кетейік, Венесуэлада мұндай шеру сәуір айының басында болған еді. Оған парламент құзыретін өзіне алу жөніндегі жоғарғы соттың шешімі түрткі болды. Бірақ артынан шешім жойылғанмен ереуілшілер сот өкілдерін қызметінен босатып, елде президенттік сайлауды өткізуді талап етті. 

Энрике Каприлес, оппозиция жетекшісі: 

- Біз бұл қарт адамдардың полиция алдында тұрып қорлануына жол бермеуімз керек. Билік қарияларға көңіл бөліп, олардың жағдайын жақсартуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы