377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта босқындарға арналған лагерь ашылды

  • 559
  • UPD: 07:39, 14.05.2017

Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасы Ирактың батыс бөлігінен тағы бір лагерь ашты. Бұл – қажыған мигранттарға арналған 12-ші лагерь.

Халықаралық ұйым өкілі Андрей Махечичтің айтуынша, жаңа қонысқа алғашқы босқындар келіп үлгерген. Олардың арасында 500-ден астам бала бар. Ал лагерь жалпы саны 9 мың адамға лайық. Халықаралық ұйым осыдан 4 апта бұрын ғана аймақтан 30 мың адам паналайтын орын ашқан болатын.

Алайда бүгінде ол жер лық толы. Мамандар алдағы уақытта қақтығыстан қашып шыққандар саны артпаса кемімейтінін айтып отыр. Дегенмен барлығына бірдей көмек көрсету қиын. Өйткені гуманитарлық операцияларға қолдау беретін донорлардан қажетті қаржының 18 пайызы ғана жиналған.

Андрей Махечич, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқарма өкілі:

-Мосул қаласындағы қақтығыстан қашып шығатын тұрғындар саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені ондағы ахуал әбден ушыққан. Лагерге келген адамдар жарылыстардың жиілеп кеткенін айтып отыр. Оған қоса азық-түлік пен ауызсу тапшы. Кейбір отбасылар ұнға су мен қызанақ қосып араластырып, соны талғажау етіп отыр. Біздің мақсатымыз – сондай адамдарға көмек көрсету. Алайда тиісті қаржы жиналмай жатыр.

Хабар 24 телеарнасы