384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеу метро стансасында эльф тілінде опера қойылды

  • 601
  • UPD: 15:05, 14.05.2017

Ойдан шығарылған тілде опера орындау – өнер әлемінде сирек кездесетін жағдай. Мәскеулік метро стансасында «Сильмариллион. Толкин туралы естелік» атты операның әлемдік тұсаукесері өтті.

Бұл оратория әйгілі «Сақиналар әміршісі» романының авторы, фантаст жазушы Джон Толкин ойлап тапқан эльф тілінде жазылған. Пойыз қозғалысына кедергі келтірмеу үшін концертті түн ортасында өткізуге тура келді. Ресей Президенттік оркестрі мен Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің үлкен академиялық хоры орындаған опера мәскеулік метрополитеннің 82 жылдығына орайластырылған. Үш жүзге жуық әртістің Жерорта эльфтері әндерін шырқағанын дәл сол жерде бес жүз адам көрсе, ғаламтор арқылы тікелей эфирде мыңдаған жанкүйер тамашалады.

Борис Тараканов, дирижер:

-Толкин шығармашылығының жанкүйерлері ғана білетін эльф тілінде опера қойдық. Бұл – өте сазды, ашық, әдемі тіл. Не туралы айтып жатқанымызды түсіну үшін арнайы аударма жасадық.

Дмитрий Пегов, Мәскеулік метрополитеннің басшысы:

-Жаңа станциялардың бірінде инновациялық бірегей жобаны ұсынып отырмыз. Халыққа ұнайды деген сенімдеміз. 

 

Хабар 24 телеарнасы