387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта Мосул үшін күрес аяқталуға жақын

  • 489
  • UPD: 08:05, 16.05.2017

Иракта Мосул қаласы аумағының 10%-ы ғана содырлардың уысында қалып отыр.

Қазір жауынгерлер бұл аудандарды толығымен қоршауға алған. Елдің қарулы күштерінің өкілдері осылай деп отыр.

Айта кеткен жөн, «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» елдегі негізгі тірегі Мосул үшін шайқастың басталғанына 7 айға жуықтап қалды. Осы күнге дейін шаһардың шығысы жаудан түгелдей тазартылып, қазір батыс бөлігін аза ету операциясы жүріп жатыр. Үкімет жасағы Мосулды мамырдың аяғына дейін өз бақылауына кері қайтаруға ниетті. Соңғы мәлімет бойынша, жауынгерлер мұнда содырлардың жарылғыш заттар жасайтын жасырын орнын тауып, оның көзін жойған.  

Хабар 24 телеарнасы