389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Меркель партиясы аймақтық сайлауда көш бастап тұр

  • 447
  • UPD: 08:06, 16.05.2017

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін «Христиан демократиялық одағы» партиясы елдің батысындағы аймақтық сайлауда көш бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Канцлер партиясын дауыс берушілердің 34,3%-ы қолдаған. Ал екінші орынға «Германияның социал-демократиялық партиясы» жайғасты. Оларды сайлаушылардың 30,6%-ы жақтаған. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, сайлауға дауыс беруге құқылы жалпы азаматтардың 65%-дан астамы қатысты. Бұл көрсеткіш 2012 жылы өткен науқанмен салыстырғанда 6%-ға көп. 

Хабар 24 телеарнасы