378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда өткен білім сайысы қатысушы елдердің салт-дәстүрін паш етті

  • 722
  • UPD: 09:41, 17.05.2017

Түркияның Ыстамбұл қаласында шетелдік студенттердің қатысуымен халықаралық білім сайысы өтті. Биыл 17-жыл ұйымдастырылған дәстүрлі шараға Қазақстан мен өзге де түркі тілдес елдер және Африка мен Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінен дарынды жастар қатысты.

Олар ән мен би өнерінен және викториналық сұрақ-жауап аталымы бойынша бақ сынасты. Атап өту керек, халықаралық білім сайысы Ыстамбұлдың көрікті орындарының бірі Айя-София мен Сұлтан Ахмет мешітінің маңында өтті. Сондықтан жастардың біліктілігі мен өнерін жергілікті тұрғындармен бірге шетелден келген туристер де қызыға тамашалады. Биылғы жарыста қазақ жастары үшінші орынды иеленді. Мармара университетінің студенті Еңлік Серік жиылған көпшілік әсіресе, қазақтың әні мен биіне, ұлттық киімдеріне ерекше таңданыс білдіріп, қызу қолдау көрсеткенін айтады. 

Еңлік Серік, Мармара университетінің студенті:

- Бұл фестиваль жарыс ретінде ғана емес, өз елімізді, халқымызды жақсы жағынан, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді танытып, ән шырқарда шашу шаштық, жайлауда аталарымыз қалай шәй ішіп отыратынын көрсеттік. Қазақстанды тек жақсы жағынан таныттық деп ойлаймыз.

Эмин Йыгыт, ұйымдастырушы:

- Биыл әдеттегідей ән мен би аталымы бойынша сайысқа қатысушылардың қарасы көп болды. Осы фестиваль аясында жастар өз елінің мәдениетін насихаттап қана қоймай, басқа халықтардың да салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарымен танысады. Бұл іс-шараның мақсаты да сол - Түркияда білім алып жүрген студенттер арасында мәдени үндестік, өзара достық байланыстарын құру.

Хабар 24 телеарнасы