382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тынық мұхитындағы қоқыстарды 5 жыл ішінде екі есеге азайтуға болады

  • 600
  • UPD: 09:54, 18.05.2017

Ол үшін су асты ағыстарын пайдалану керек. Нидерландтық жас ғалым осындай ұсыныс жасады.

Оның айтуынша, миллиондаған тонна қоқысты қайықтар мен аулар арқылы тазалауға миллиардтаған доллар жұмсалып, жүздеген жыл кетуі мүмкін. Сондықтан ол ағынмен ағып жүріп, қалдықтарды сүзіп алатын арнайы құрылғыны ойлап тапқан. Ал оның іші толған соң жағаға шығарылып, қоқыстар қайта өңдеуге жеткізіледі.

Қазір өнертапқыш жобаға 31 миллион доллар жинағанын, бірақ бұл қаржының әлі де жеткіліксіз екенін айтады.

Боян Слат, The Ocean Cleanup жобасының жетекшісі:

-Мен 16 жасымда Грекияда су астында жүзумен айналысқанмын. Сол кездің өзінде теңізде балықтан гөрі пластиктердің көптігін байқап, бұл қоқысты неге ешкім жинамайды деген ой келді. Мектепте осы мәселеге қатысты жоба да жасадым. Бірақ университетке түскеннен кейін онымен айналысуды тастап кеткен едім.

Хабар 24 телеарнасы