389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкада құрылысы бітпеген ғимарат опырылып құлады

  • 405
  • UPD: 09:34, 19.05.2017

Шри-Ланкадағы Коломбо қаласында құрылысы бітпеген көпқабатты ғимарат опырылып құлады.

Салдарынан 23 адам жараланып, тағы үшеуі ізім-ғайым жоғалып кеткен. Оқыс оқиға кезінде құрылысшылар 7 қабатты ғимараттың шатырында жұмыс істеп жатқан. Іздестіру-құтқару операциясын жүргізуге төпеп жауған жаңбыр кедергі келтіріп отыр. Ал құрылыс нысанының не себепті опырылып түскені әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы