385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулдан тағы 200 мың тұрғын кетуі мүмкін

  • 365
  • UPD: 09:34, 19.05.2017

Алдағы уақытта Ирактың Мосул қаласынан тағы 200 мың тұрғын кетуі мүмкін.

БҰҰ осылай деп топшылап отыр.

Айта кеткен жөн, «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы үшін шайқастың жүріп жатқанына 7 айдан асты. Осы күнге дейін Мосулдың шамамен 370 мың тұрғыны үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен. Шаһарды азат ету шарасына үкімет жасағы мен күрд жауынгерлері қатысып жатыр. Оларға АҚШ бастаған Халықаралық коалиция әуеден соққылар жасап, жәрдемдесіп келеді. Бұған дейін Ирак қарулы күштерінің өкілдері әскери операцияны осы айдың соңына дейін аяқтауға ниетті екендерін жеткізген.

Хабар 24 телеарнасы