389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дераа қаласы бомбаланып, 5 бала құрбан болды

  • 463
  • UPD: 11:42, 19.05.2017

Сирияда үкіметке қарсы соғысып жатқан күштер Дераа қаласын атқылап, 5 бала құрбан болды.

50-ге жуық адам жараланған. Шабуыл кезінде шаһардағы саябаққа екі бомба тасталған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл әрекет «қауіпсіздік аймақтарын» құру жөніндегі келісімді бұзу деп саналады.

Айта кетейік, 4 мамыр күні Ресей, Иран, Түркия өкілдері Астанада бас қосып, Сирияда 4 бейбіт аймақ құруға уағдаласқан еді. Осы келісімге сәйкес 6 мамырда аталған аймақтарда әскери қимылдар жүргізіп, ұшуға тыйым салынған болатын. Құжат алдағы алты айға арнап жасалған. Алайда бұл келісімнің «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мен «Джебхат ан-Нусра» содырларына қатысы жоқтығы айтылған.

Хабар 24 телеарнасы