384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каракастағы қақтығыстан 58 адам жарақат алды

  • 376
  • UPD: 13:22, 19.05.2017

Венесуэла астанасы Каракаста өткен шерудің соңы қақтығысқа ұласып, 58 адам жарақат алды.

Жапа шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілген. Олардың ешбіріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, 1,5 айдан бері толас таппаған ереуілдерге сәуірдің 4-і күні Жоғарғы соттың парламентті таратпақ ниеті себеп болды. Артынша шешім қайта қаралып, Ұлттық ассамблеяның құзыреті қайтарылады. Бірақ шерушілер биліктен соттың мүшелерін қызметтен босатып, елде президенттік сайлау өткізуді талап ете бастады. Президент Николас Мадуро осы айдың басында Конституциялық ассамблеяны шақырту жөнінде қаулыға қол қойған. Алайда оппозиция Мадуро осы қадам арқылы ел конституциясын өзгертумен қатар заңды парламентті ауыстырып, билікті өз қолына шоғырландыруды көздеп отыр деп мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы