386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде денге безгегінің өршуіне байланысты мобильді емханалар құрылмақ

  • 397
  • UPD: 13:21, 19.05.2017

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Перудің Пьюра қаласында денге безгегінің таралуына байланысты дабыл қағып жатыр.

Қазірдің өзінде індеттен 19 адам көз жұмған. Оны ел аумағында 15 мың тұрғын жұқтырды деген қауіп бар. Билік науқастарға көмек көрсету мақсатында мобильді емханалар құруды қолға алды. Сондай-ақ вирусты таратушы масалармен күресу үшін халықтан көмек сұрап отыр. Бұған қоса жәндіктер елде чикунгунья деп аталатын тағы бір ауруды жайып үлгерген. Қазір оған шалдыққандар саны 150-ге жетті. Ал денге дертінің дендеуіне бірнеше ай толассыз жауған нөсер кезіндегі су тасқындары мен лай көшкіндері себеп. Өйткені балшық пен топырақтағы ылғалдың молдығы зиянкес масалардың көбеюіне өте қолайлы.

Хабар 24 телеарнасы