385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЮНИСЕФ: Мосулдан 700 мың тұрғын босып кеткен

  • 482
  • UPD: 12:37, 20.05.2017

Ирактың Мосул қаласын азат ету операциясы жүріп жатқан 7 айдың ішінде шаһардың 700 мың тұрғыны үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен.

Бұл туралы ЮНИСЕФ хабарлайды. Осы ретте халықаралық ұйым өкілдері балалардың жағдайына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені көшіп-қонып жүрген бүлдіршіндердің көбі тойып тамақ ішпейді. Сондай-ақ психололгиялық зақым алғандары да аз емес. Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы саналады. Оны азат ету операциясы былтыр қазанда басталған. Әскерилер шаһарды жаудан тазарту шарасын осы айдың соңына дейін аяқтауға ниетті.

Хабар 24 телеарнасы