386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Будапештте мыңдаған студент ереуілге шықты

  • 328
  • UPD: 16:29, 22.05.2017

Олар үкіметтің білім заңына өзгеріс енгізгеніне наразы. Бұған дейін құжатқа Венгрия президенті Янош Адер қол қойған болатын.

Жаңа заң Венгриядағы Орталық-Еуропалық университеттің жабылуына негіз болмақ. Өйткені ереже бойынша ел аумағында білім беретін оқу орындары Венгриядағы бөлімшесінен бөлек, тіркелген елінде де жұмыс істеуі шарт. Ал Будапешттегі америкалық Джордж Соростың қолдауымен ашылған Орталық-Еуропалық университет АҚШ-та тіркелген. Бірақ ол елде бөлімшесі жоқ, тек Венгрияда ғана білім береді.

Премьер-Министр Виктор Орбанның айтуынша, оқу орнының  Венгрияда жұмыс істеуі заңға қайшы болғандықтан, жабылуы тиіс. Жағдайдың ушығуына байланысты Еуропалық парламент Еуроодақ кеңесін ресми Будапештке адам құқығын бұзбау туралы ескерту жасауға шақырды.

Бенсе, наразылық шеруге қатысушы:

-Достарымның көпшілігі Орталық Еуропалық университетте білім алады. Өзім де – сол оқу орнының аспирантымын. Осындайда бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы