388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангкоктегі госпитальде жарылыс болды

  • 637
  • UPD: 17:26, 22.05.2017

Таиланд астанасы Бангкоктегі әскери госпитальде жарылыс болып, 24 адам жараланды.

Жапа шеккендердің ешбіреуі ауыр жарақат алмаған. Бастапқыда газ атылған деп болжанған. Бірақ алдын ала тергеуден кейін полиция дәріханада пакетке жасырылған жарылғыш зат жарылғанын мәлімдеді. Салдарынан ғимарат түтінге оранып, адамдардың арасында дүрбелең туды. Дегенмен полиция науқастар мен қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшірудің қажеті жоқтығын айтады. Әзірге жарылысты қандай топтың ұйымдастырғаны белгісіз. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға 2014 жылы болған әскери төңкеріс күніне тап келіп отыр.

Айта кетейік, мамырдың тоғызы күні оңтүстіктегі Паттани қаласындағы сауда орталығында 2 жарылыс болып, 40 адам зардап шеккен еді.

Хабар 24 телеарнасы