385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулдың азат етілген аудандарына тұрғындар орала бастады

  • 357
  • UPD: 10:34, 23.05.2017

Ирактың Мосул қаласының азат етілген аудандарына 120 мыңға жуық адам оралды.

Бұл туралы БҰҰ хабарлайды.

Айта кеткен жөн, шаһар «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы саналады. Оны жаудан азат ету операциясының жүріп жатқанына 7 айдан асты. Сол уақыттан бері 700 мың тұрғын басы ауған жаққа босып кеткен. Осы күнге дейін қаланың шығысы толығымен содырлардан азат етілді. Ал батысындағы бірнеше аудан әлі күнге дейін экстремистердің уысында қалып отыр. Ондағы халықтың саны 200 мыңға жуықтайды. БҰҰ өкілдерінің хабарлауынша, қазір бұл тұрғындар таза ауызсу мен асқа жарымай отыр.

Хабар 24 телеарнасы