389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Cудандағы атыс тоқтатылатын болды

  • 362
  • UPD: 10:34, 23.05.2017

Оңтүстік Судан президенті Сальва Киир елдегі атысты біржақты тоқтатып, саяси тұтқындарды босататын болды.

Бұл туралы «Рейтер» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, Суданнан бөлініп шыққан Оңтүстік Судан елінде 2013 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатыр. Қақтығыс ел президенті Сальва Киир шыққан динка тайпасы мен оның бұрынғы вице-президенті Риек Мачар бастаған нуэр тайпасының арасында пайда болған. 2015 жылы тараптар бейбіт келісімге қол жеткізгенмен, бір жылдан кейін уағдаластық бұзылып, қарулы қақтығыс қайта жалғасқан еді. Ал 3 жылға созылған азаматтық соғыстың салдарынан 10 мыңнан аса адам қаза тауып, 2 миллионнан астамы босып кетті.

Хабар 24 телеарнасы