384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла астанасындағы наразылық шеруде 62 адам жарақат алды

  • 609
  • UPD: 14:53, 25.05.2017

Венесуэла астанасы Каракаста тағы наразылық шеруі өтіп, 62 адам жарақат алды.

Жапа шеккендердің арасында парламент депутаты бар. Жараланғандардың бәріне дәрігерлік көмек көрсетілді. Ал сәуірдің басынан жалғасып келе жатқан шеруге Жоғарғы соттың парламентті таратып, оның құзыретін өзіне алатындығы жөнінде шешімі түрткі болған. Бірақ Қауіпсіздік кеңесінен кейін үкім жойылғанмен, бассыздыққа ашынған халық президенттен аталған соттың мүшелерін қызметінен босатуды сұрайды. Артынан шерушілер президент Николас Мадуроның биліктен кетуін және мерзімнен тыс сайлау өткізуді талап етуге ұласады. Алайда осы айдың бас кезінде президент Конституциялық ассамблеяны шақыру жөнінде жарлық шығарып, жағдай ушығады. Ал соңғы мәліметке қарағанда шерулер кезінде қаза тапқандардың саны 55-ке жеткен. Мыңдаған адам жарақат алған. Жалпы 2 жарым мыңнан астам шеруші тұтқындалған

Хабар 24 телеарнасы