389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда қолшатырды жалға беретін мобильді қосымша пайда болды

  • 652
  • UPD: 01:10, 28.05.2017
Қытайда қолшатырды жалға беретін мобильді қосымша пайда болды VCG/VCG via Getty Image

Көршілес елде «Жалға берілетін қолшатыр» мобильді қосымшасының пайда болғанына аса көп уақыт болған жоқ. Бірақ бұл қызметтің Қытайдағы танымалдығы артып, оны пайдаланушылар саны сағат сайын өсіп барады.

Ал ең қызықтысы, жалға алынған қолшатырды пайдаланып болған адам оны кез келген жерге қалдырып кетуіне болады екен, деп хабарлайды Epochtimes.

Әрине қытайлар бәрін алдын ала ойластырып қойған. Жалға берілген қолшатыр пайдаланылып болған соң аяқ астында қалып, жоғалып кетпес үшін оған шағын электронды чип кіріктірілген. Бұл чиптің көмегімен қолшатыр тек жалдау ақысы төленгенде ғана толық ашылады және қолданып болған клиенттің оны дәл қайда қалдырып кеткенін білуге болады. 

Ал қолшатырды жалдау ақысын төлеген адам оны пайдалану үшін қалта телефонға жүктелген «e-Қолшатыр» мобильді қосымшасының көмегімен кодты сканерлеп алып, сол код арқылы қолшатырды ашады. Қолшатырдың қайда екенін анықтауға көмектесетін жүйе оған кіріктірілген және оның батареясы Күннен қуат алады.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы