380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда лаңкестердің лагері талқандалды

  • 592
  • UPD: 18:37, 29.05.2017

Мысырдың әскери-әуе күштері лаңкестер бекінген Ливиядағы лагерлерді әуеден соққылады.

Содырлардың мекенін жермен-жексен еткен Египет билігі бұл әрекетті автобусқа жасалған шабуылға жауап деп мәлімдеді. Өйткені қастандықты мойынына алған экстремистер дәл осы лагерлерде жасырынған деген мәлімет бар.

Айта кеткен жөн, өткен аптада Мысырдың Эль-Минья провинциясында әлдекімдер христиан діні өкілдері мінген автобусқа оқ жаудырған болатын. 35 адам ажал құшып, 20-ға жуығы жарақат алды. Ал шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы