378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ күрд жасақтарына қару-жарақ жеткізе бастады

  • 572
  • UPD: 11:53, 31.05.2017

АҚШ Сириядағы Ракка қаласын лаңкестерден азат етуге қатысып жатқан күрд жасақтарына, қару-жарақ жеткізуді бастады.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілі Адриан Рэн-кин Галлоуэй хабарлады. Бұған дейін Вашингтонның мұндай қадамын қолдамайтынын білдірген Түркия әлі еш мәлімдеме жасаған жоқ. Өйткені ресми Анкара олардың «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланысы бар деп айыптайды.

Ал Сирияның солтүстігінде орналасқан Ракка қаласы қазір «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» содырларының қолында. Лаңкестер бұл шаһарды 2013 жылы басып алған. 2016 жылы наурызда қала тұрғындары содырларға қарсы бірнеше рет көтеріліске шығып, лаңкестердің көбін жер жастандырғанмен, жеңіске жете алмаған еді. Осыдан кейін мамыр айында Сирия демократиялық әскері мен күрд және араб жасақтары Ракканы азат етуге кіріседі. Қазір оппозициялық күштер шаһарды қоршауға алған.

Хабар 24 телеарнасы