387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испаниядағы такси жүргізушілер Uber компаниясына берілген жеңілдіктерге қарсы шықты

  • 403
  • UPD: 07:59, 01.06.2017

Испанияда мыңдаған таксиші мобильді құрылғы арқылы жұмыс істейтін «Убер» және «Каби фай» компаниясына қарсы ереуіл жариялап, шеруге шықты.

Наразылық акциясына қатысқан жүргізушілер бастапқыда полициямен қақтығысқа түскенімен, шеру бейбіт түрде жалғасты. Бұл шара елдің барлық қаласында өтті. Бір Мадридтің өзінде көшеге 20 мың таксиші шықты. Ал жүргізушілердің наразылық ұйымдастыруына қос компанияға қолданылатын тәртіптің қатаңдатылмай отырғаны себеп. Өйткені қарапайым таксишілер лицензия алу үшін 120 еуродан бастап, ондаған мың еуро төлесе, қос компания жүргізушілері үшін рұқсат қағазының құны,, әлдеқайда арзан.

Хосе Томас Эрнандес, такси жүргізушісі: 

- Бұл компаниялардың жүргізушілеріне де бізге қолданылатын тәртіпті енгізуді сұраймыз. Мысалы, рұқсат қағазын алу үшін өтініш береміз, салық төлейміз және басқа да техникалық талаптар бар. Ал мына екі компания олардың бір де бірін орындамайды. Сондықтан оларға қатысты заңды қатаңдату керек.

Хабар 24 телеарнасы