386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла президенті ел конституциясының жаңа жобасын референдумға шығармақ

  • 399
  • UPD: 14:40, 02.06.2017

Ол мемлекеттік телеарна арқылы осындай мәлімдеме жасады. Басты құжатта ел көшбасшысының өкілеттігін кеңейтіп, тиісінше парламенттің пәрменін азайту көзделіп отыр. Николас Мадуроның бұл шешіміне оппозиция өкілдері наразылық білдіріп, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет деп сынады.

Еске салсақ, бұл елде сәуір айынан бері ереуілдер өтіп жатыр. Экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан мезі болған жұрт ашуға мініп, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті. Ереуілшілер мен полиция қақтығысынан 50 шақты адам қаза тапты. Ал Мадуро билік аясын кеңейтіп, саяси және экономикалық дағдарысты еңсеретінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы