387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейрода ірі көлемде контрабандалық қару-жарақ тәркіленді

  • 474
  • UPD: 14:40, 02.06.2017

Рио-де-Жанейроның халықаралық әуежайында ірі көлемде контрабандалық қару-жарақ тәркіленді. Арнайы операция барысында Майамиден келген жәшіктен суық қарудың 60 түрі табылған

Ал құжатта жылытқыш заттар салынған деп көрсетілген. Қазір заңсыз қару айналымына қатысы бар деген күдікпен 4 адам тұтқындалды. Бразилиялық ақпарат құралдары: «Тәркіленген қаруды енді жергілікті полицейлер қолданады», – деп отыр. Ал Рио-де-Жанейро билігі осылайша ел қаражатын үнемдейтінін айтады.

Фабрицио Оливейра, полиция қызметкері:

-Бұл халықаралық ауқымда қару сататындардың ұйымдасқан қылмысы. Із кесу жүріп жатқандықтан, арнайы операция жайлы толық ақпарат беруге құқығымыз жоқ. Дегенмен осы тәркілеу арқылы ұйымдасқан қылмыстық топқа ауыр соққы бердік. Себебі олар бірталай тауарынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы