386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда адамдардың бетін анықтайтын жүйе пайда болды

  • 750
  • UPD: 12:00, 03.06.2017

Адамдардың бет әлпетін анықтауға арналған жүйе.

Жапония астанасы Токио іргесінде өтіп жатқан халықаралық көрмеде жергілікті өнертапқыштар осындай технологияны көпшілікке көрсетті. Бұл жүйе ел көп жиналатын шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз септігін тигізуі тиіс. Яғни келушінің бет-бейнесін билетті брондау кезінде жүктелген суретпен салыстырады. Қауіпті жағдайлардың алдын алудан бөлек технология, сондай-ақ алыпсатарлар мәселесін де шешуге көмегін тигізеді. Оның үстіне келушілер мен олардың билетін тексеру уақытын да айтарлықтай қысқартады.

Такааки Комисава, Tapirs Co компаниясының атқарушы директоры:

– Біздің қолымызда ауқымды шараға жиылған адамдардың барлығы жайлы мәлімет болады. Осылайша, келушілер өзінің амандығы үшін еш алаңдамай, сүйікті концертін, не спорттық ойынын тамашалай алады. 

Хабар 24 телеарнасы