386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулдың 120 тұрғыны ТГИЛ содырларының қолынан қаза тапқан

  • 340
  • UPD: 12:47, 04.06.2017

Ирактың Мосул қаласындағы содырлар 120 бейбіт тұрғынды өлтірген.

«Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жендеттері шаһардан қашпақ болған халықты осылай жазалапты. Марқұмдардың жансыз денелері көшеде жатқан. Арасында бала да, әйел де бар.

Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы саналады. Оны азат ету операциясының жүріп жатқанына 8 айға жуықтап қалды. Сол уақыт ішінде 800 мыңға тарта тұрғын үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен. БҰҰ бұл азаматтарға арнап қала төңіргінде 20 шақты уақытша лагерь орнатқан. Алайда халықаралық қауымдастық өкілдері онда барлығын бірдей жайғастыру мүмкін еместігін айтады.    

Хабар 24 телеарнасы