389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальтаның парламент сайлауында лейбористер жеңіске жетті

  • 424
  • UPD: 15:20, 05.06.2017

Мальтаның Премьер-министрі Джозеф Мускаттың жетекшілігіндегі лейбористік партия мерзімінен бұрын өткен  парламент сайлауында жеңіске жетті.

Ол сайлаушылар дауысының 55 пайызын жинады.  Мускат өз  сайлау науқаны арқылы Мальтаның экономикасын көтерді. Соңғы төрт жылда елдің экономикасы еуро аймақтағы алпауыттар  қатарынан көрініп келеді. Сондай-ақ премьер халыққа салықты азайтып, зейнетақы мөлшерін көбейтуге уәде берді. Айта кету керек, мерзімінен бұрынғы парламент сайлауын өткізу туралы шешім бұдан  бір ай бұрын қабылданған. Сол кезде бұқаралық ақпарат құралдарында Джозеф Мускаттың оффшорлық компаниялармен байланысы жайлы ақпарат пайда болған. Алайда премьер өзіне жала жабылғанын айтты.

Хабар 24 телеарнасы