389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда халықаралық коалиция әуе соққысын жасады

  • 519
  • UPD: 16:24, 07.06.2017

АҚШ бастаған халықаралық коалиция Сирияда үкіметті қолдайтын қарулы топ бекінген орындарға әуеден соққы берді. Әзірге құрбандар жайлы мәлімет жоқ.

Айта кеткен жөн, 4 мамырда Астанада өткен сирияаралық келіссөзде соғыс өрті өршіген елде 4 қауіпсіз аймақ құру туралы меморандумға қол қойылған еді. Оған сәйкес атыс-шабыс тыйылып, ешқандай ауыр техинка болмауы шарт. Аталған аумақтар қатарында Иорданиямен арадағы шекараға жақын орналасқан ат-Танф елді мекені де бар.

Жуырда Сирия үкіметін қолдайтын қарулы топ мұнда ауыр техника кіргізген болатын. Осыдан кейін АҚШ бастаған коалиция жауап ретінде әуеден шабуыл жасады.

Хабар 24 телеарнасы