384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хакерлер катарлық «Әл Джазира» арнасына әлемнің түкпір-түкпірінен шабуыл жасады

  • 665
  • UPD: 19:01, 09.06.2017
Хакерлер катарлық «Әл Джазира» арнасына әлемнің түкпір-түкпірінен шабуыл жасады blogspot.com

Al Jazeera халықаралық телеарнасына Жер шарының түкпір-түкпірінен кибершабуыл жасалды.

Бұл туралы осы компанияның жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеме берген Reuters хабарлайды.

«Хакерлер «Әл Джазираға» жан-жақтан шабуыл жасады, бірақ біз олармен күресіп, жұмысты тоқтатқан жоқпыз», - депті ол.

Шабуыл кезінде хакерлер телекомпанияның сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларын да бұзып кірмек болған. 

Айта кету керек, Al Jazeera халықаралық телекомпаниясының негізі 1996 жылы Катарда қаланды. Арнаның штаб-пәтері Дохада орналасқан.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы