383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада билікке қарсы наразылық шеруі өтті

  • 420
  • UPD: 18:25, 11.06.2017

Венесуэла астанасы Каракаста президент Николас Мдуроға қарсы тағы наразылық шеруі өтіп, акция қақтығыспен аяқталды. Полиция шараға қатысушыларға су шашып, көзден жасаурататын газ қолданды.

Шерушілер тәртіп сақшыларына тас пен жанғыш шөлмектерді лақтырып, бөгеттер тұрғызуға тырысқан. Акцияны ұйымдастырушылар биліктен келесі жылы мерзімінен тыс президенттік сайлау өткізуді талап етіп отыр. Президент Мадуро болса, шерушілерді АҚШ және басқа да елдердің көмегімен төңкеріс жасауға тырысып жатқан лаңкестер деп айыптады.

Естеріңізге сала кетейік, осымен бірнеше айға созылған наразылық акциялары сәуір айында басталған еді. Шеруге Жоғарғы соттың парламент құзыретін өзіне алып, оны тарату жөніндегі шешімі түрткі болған.

Хабар 24 телеарнасы