389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жібек жолы бойындағы елдердің өнер майталмандары Астанада бас қосты

  • 504
  • UPD: 20:51, 13.06.2017

Форумға жиналған әр елдің руханият өкілдері музыкалық мәдениеттің үн-қатысуын кеңейту мақсатында келелі кеңес құрды.

ЭКСПО көрмесі аясында ұйымдастырылған шараға Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Өзбекстан елдерінен музыкалық мекемелердің басшылары келді. Өнерпаздар дәстүрлі ұлттық мәдениетті сақтай отырып, оны дамыту мәселесін тілге тиек етті. Алқалы жиынға қатысқан елдер дарынды шәкірттерін әр мемлекетке жіберіп, тәжірибе алмасу қажеттігін алға тартты. Форум барысында шығыс пен батыс мәдениетінің қарым-қатынасына қатысты бірқатар келісімге қол қойылмақ.

Айман Мұсақожаева Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

- Санто Чичилия ректоры бізді сол жаққа халық аспаптар оркестрін концерт өткізуге шақырып жатыр. Біздің мобильді бағдарламамыз бар. Сол арқылы біздің студенттер шетелге шығу керек, Мастер кластар алып, елге оралуы керек.

Лин Зайон, Шанхай музыка консерваториясының ректоры:

- Астанадай әсем қалада өтіп жатқан форум екі ел арасындағы мәдени байланысты арттыра түсері сөзсіз. Қазақтың музыка өнеріне бұрыннан-ақ тәнтімін. Сондықтан, біздің шәкірттер осында келіп, тәжірибе алмасса деймін. Әлемдік сахнада көш бастап жүрген қазақ өнерпаздары да аз емес. Қытайда өнер көрсеткен Димаштың да шоқтығы биік. Ал, ЭКСПО көрмесінің ашылуына арналған концерт бізді қайран қалдырды. Өте жоғары деңгейде өтті.

Хабар 24 телеарнасы