384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда белгісіз біреу тұрғындарға оқ атқан

  • 488
  • UPD: 18:29, 13.06.2017

Мюнхен қаласының шетіндегі теміржол вокзалында беймәлім ер адам жұртқа оқ атқан.

Үш адам жараланды. Олардың арасында 26 жастағы полицей әйел бар. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізіліген. Германиядағы тілшіміз Шолпан Найманбаева қылмыскер де жараланғанын хабарлап отыр. Қаскөй 37 жаста, ұлты неміс екен. Қазіргі кезде Германияның оңтүстігінде ауқымды операция жүріп жатыр. Оқиға орнында лаңкестікке қарсы бөлім мен тікұшақтар жұмылдырылған. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл лаңкестік әрекет емес.

Маркус да Глория Мартинс, Мюнхен полициясының баспасөз хатшысы:

- Полицей әйел шақыруға келгеннен кейін қылмыскермен арпалысып қалды. Қаскөй оны пойыз астына итеріп жіберуге тырысқан, бірақ бұл қолынан келген жоқ. Осыдан кейін қылмыскер қаруын тартып алып, ата бастады. Ол қылмысты жалғыз өзі ұйымдастырған көрінеді. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы