380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактағы босқындар ауызашардан кейін жаппай уланды

  • 439
  • UPD: 07:57, 15.06.2017

Ирактың Мосул қаласы маңындағы лагерьде тұрып жатқан босқындар жаппай уланып қалды.

Салдарынан 2 адам көз жұмған. Уланған 800 босқынның 300-і хал үстінде жатыр.

Негізі бұл лагерьде 2 мың адам тұрады. Катардың қайырымдылық қоры оларға ауызашарға дастарқан жайған. Тағамның бәрі Ирактың Эрбиль қаласындағы мейрамханадан жеткізілген. Қазір осы тамақтану орнының қожайынын қосқанда, 8 адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы саналады. Оны азат ету операциясының жүріп жатқанына 8 айға таяп қалды. Осы аралықта 800 мыңдай тұрғын үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен. Біразы көрші елді мекендерге қашса, басқасы таяудағы босқындар лагерін паналап жүр.

Мұхаммед әл-Рахман, босқын:

Ауруы жанына батқан адамдар шыдай алмай, айқайлай бастады. Біреулер тіпті басын жерге ұруға дейін барды. Түн ортасында арнайы көліктер келіп, бәрімізді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер астан уланғанымызды айтып, ем-домын жасады. Таңертең бетім бері қарай бастады. Алайда жағдайы ауыр науқастар көп.

Хабар 24 телеарнасы