ЕҚЫҰ-ның ЭКСПО көрмесіне қатысуы шараның маңыздылығын арттырды

Еуропадағы қауісіздік және ынтымақтастық ұйымының ЭКСПО көрмесіне қатысуы шараның маңыздылығын арттыра түсті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған ұйымның Парламенттік Ассамблеясының төрайымы Кристин Муттоненмен кездесу барысында осылай деді.

Тараптар алпауыт ұйым мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың өзектілігін талқылады. Мәжіліс төрағасы ғаламдық проблемаға айналған экстремизм мен терроризм мәселесіне жан-жақты тоқтала келе, Елбасының БҰҰ аясында ғаламдық контртеррорлық желі құру туралы бастамасының өзектілігін тілге тиек етті.

Ал мәртебелі мейман Қазақстанның халықаралық деңгейдегі Украина, Сирия елдеріне қатысты айтулы мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарып келе жатқанын атап, өте жоғары баға берді. ЭКСПО көрмесіне арқау болған «Болашақ энергиясы» тақырыбына да айрықша мән берді. «Қазақстанның жаңартылған энергия көздеріне байланысты батыл бастамалары өзгелерге үлгі боларлық», – деді.