384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия металлургтері жұмыссыз қалуы мүмкін

  • 386
  • UPD: 18:11, 16.06.2017

Италияда 4 мың металлург жұмыссыз қалуы мүмкін.

Өйткені Еуропадағы ең ірі болат құю зауыты қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр. Бірнеше жылдан бері қиындықтан көз ашпай келе жатқан кәсіпорынды бір миллиард 800 миллион еуроға бірлестік сатып алмақшы. Оған әлемге танымал ArcelorMittal және итальяндық Marcegaglia өнеркәсіптік тобы кіреді. Жалпы Ильва зауытының бас бөлімі Италияның оңтүстігіндегі Таранто қаласында орналасқан. Кәсіпорында 14 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алайда жаңа қожайыны тек 10 мың қызметкерді ғана қалдыруға ниетті. Бүгінде зауытты сату мәселесіне нүкте қойылуға жақын. Еуропалық комиссия мәмілені түпкілікті бекіту керек. Металлургтердің дауы 5 жыл бұрын басталған еді. Оған зауыттың бұрынғы иелерінің тіл табыса алмай, бірін-бірі жемқорлыққа қатысты айыптауы себеп. Мекеме мемлекет меншігіне өткеннен кейін сатуға қайта шығарылды. Ильва зауыты – Италия экономикасы үшін маңызды нысан. Ол елді болатпен қамтамасыз етіп, автокөлік пен тұрмыстық заттар өндіреді.

Мирко Рота, Италия металургия одағының өкілі:

– Біз құрамына ArcelorMittal кірген бірлестікпен келіссөз жүргізуге дайындалып жатырмыз. Қалайда келісімшартқа қол қойылуы керек. Бірақ мыңдаған адамды жұмыссыз қалдыратын құжатты қолдау да қиын. Өйткені кәсіпорында 14 мың 200 адам еңбек етеді. Оларды жұмыспен қамту – басты міндетіміз. Келісім зауыттың жаңа иесінің де, металлургтердің де мүддесін қорғауы тиіс.

 

Хабар 24 телеарнасы