384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вануату президенті дүниеден озды

  • 385
  • UPD: 18:24, 17.06.2017

Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлайды.

67 жастағы Балдвин Лонсдейл кеше өзін нашар сезініп, ауруханаға жеткізілген болатын. Алайда дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Ресми мәлімет бойынша, мемлекет басшысы жүрек талмасынан көз жұмған. Енді ел конституциясына сәйкес, парламент мүшелері мен аймақтың кеңес басшыларынан тұратын топ 3 апта ішінде жаңа президентті сайлауы тиіс.

Айта кеткен жөн, Вануату – Тынық мұхитындағы шағын мемлекет. 83 аралдан тұрады. Батысында Австралияның экономикалық аймағымен шектеседі. Халқының саны 300 мың адамға жуықтайды.    

Хабар 24 телеарнасы