386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбия астанасы Богота қаласының сауда орталығында жарылыс болды

  • 867
  • UPD: 11:21, 18.06.2017

Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс Centro Andino сауда орталығының екінші қабатында болған.

Богота қаласының мэрі Энрике Пеньялос бұл оқиғаны теракт деп бағалады. «Centro Andino сауда орталығындағы лаңкестік шабуылдан 3 адам қайтыс болып, 11 адам зардап шекті», – деп мәлімдеді ол.

Оқиға орнына жәдел жәрдем мен өрт сөндіру қызметі жеткізілді. Ғимарат ішіндегі адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Дереккөз: russian.rt

Хабар 24 телеарнасы