386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосул қаласының ескі бөлігі үшін шайқас жүріп жатыр

  • 426
  • UPD: 20:56, 18.06.2017

Ирак әскері Мосулдағы «ескі қаланы» шабуылдауға көшті. Бұл содырлар құрсауында қалған соңғы аудан.

Жауынгерлердің айтуынша, көшелері тым тар ауданда әскери операция жүргізу қиын. БҰҰ мәліметіне сәйкес «ескі қалада» 100 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Егер атыс-шабыс ұзаққа созылса, бейбіт халықтың азық-түлік пен ауыз сусыз қалуы мүмкін. Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» елдегі бас тірегі саналады. Оны жаудан арылту шарасы жүріп жатқалы 8 айдан асты. Әскери операцияға үкімет жасағы мен күрд жауынгерлері қатысып жатыр. АҚШ бастаған халықаралық коалиция экстремистер бекінген орындарды әуеден соққылап, сарбаздарға жәрдем беріп жүр.

Хабар 24 телеарнасы