384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мали астанасындағы демалыс орнына шабуыл жасалды

  • 577
  • UPD: 09:47, 19.06.2017

Мали астанасы Бамаконың шығысындағы демалыс орнына қарулы қаскөйлер шабуыл жасап, екі адамды мерт қылды.

Оған қоса тынығуға келген туристерді тұтқынға алған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер төрт қаскөйдің көзін жойып, тұтқындалған 32 адамды аман алып шықты. Бұл мәліметті елдің қауіпсіздік министріне сілтеме жасап, «Франс Пресс» агенттігі хабарлады. Деректерге қарағанда, қазір қаза тапқан екі қаскөйдің мәйіті табылған, ал екеуі іздестіріліп жатыр.

Даниель Оквого, демалушы:

Келгенімізге жарты сағат өтпей жатып, оқ атылғанын естідім. Сосын жамылғыны алып, төсектің астына жасырынып қалдым. Сол жерден қауіпсіздік қызметінің мамандары шығарып алды.

Хабар 24 телеарнасы