383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малидегі демалыс орнына жасалған шабуылды «Джамаат Нусрат әл-ислам» мойындады

  • 438
  • UPD: 15:37, 20.06.2017

Малидегі демалыс орнына жасалған шабуылды «Әл-Каида» лаңкестерімен байланысы бар «Джамаат Нусрат әл-ислам» тобы мойындады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, бес адам қаза тапқан. Олардың екеуі Мали азаматы, ал үшеуі шет елден келген турист.

Еске сала кетейік, 18 маусым күні қаруланған қаскөйлер елдің шығысындағы демалыс орындарының біріне басып кіріп, 30-дан астамын тұтқынға алған еді. Іле-шала полицейлер төрт қаскөйдің көзін жойып, тұтқындағы адамдарды аман алып шықты.

Хабар 24 телеарнасы